СПАРТАК (АБАЙ АТ. ҚАЗҰОБТ)
Өмірбаяны
3 актілі және 12 көріністі балет.
Композиторы - Арам Хачатурян. Либретто - Николай Волков, өңдеген Юрий Григорович. Хореография және қойылымы - Зауырбек Райбаев, Юрий Григоровичтің би лексикасы негізінде. Қоюшы-суретші - Владимир Семизоров. Қоюшы-дирижер - Тургут Османов.
Премьерасы 1974 жылы 21 сәуірде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Спартак - Рамазан Бапов; Фригия - Зарема Қастеева; Красс - Эдуард Мальбеков; Эгина - Людмила Рудакова; этрусктер, гадитандық қыздар, гетералар, мимдар, центуриондар, Спартактың ізбасарлары, қолөнершілер және басқалары - балет әртістері.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ. Премьерасы 2002 жылдың 2 қарашасында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Спартак - Дмитрий Сушков; Фригия - Куралай Саркытбаева; Красс - Серік Төребаев; Эгина - Гульнара Капанова.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ. Премьерасы 2008 жылы 17 ақпанда Абай ат.МАОБТ сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: «Спартак» - Досжан Табылды; Фригия - Құралай Сарқытбаева; Красс - Алексей Сафронов; Эгина - Лейла Альпиева.
ЖАҢАРТУ. Премьерасы 2010 жылы 21 наурызда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Спартак - Дмитрий Сушков; Фригия - Құралай Сарқытбаева; Красс - Нұрлан Конокбаев; Эгина - Софья Михлина.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ. Премьерасы 2021 жылдың 26 және 27 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Композитор - Арам Хачатурян. Либретто - Николай Волков, өңдеген Юрий Григорович. Хореография - Зауырбек Райбаев, Юрий Григоровичтің би лексикасына негізделген. Қоюшы-балетмейстер - Гүлжан Туткибаева. Қоюшы-суретші - Вячеслав Окунев (Санкт-Петербург, Ресей). Бас хормейстер - Әлия Темірбекова. Қоюшы-дирижер - Ерболат Ахмедьяров.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Спартак - Азамат Асқаров; Фригия - Жанель Тукеева, Айман Егісбаева; Красс - Рахым Даиров, Нельсон Пенья; Эгина - Гүлвира Құрбанова, Малика Ельчибаева.
Аты аңызға айналған балеттің драмалық негізі екі таптың: патрицийлер мен гладиаторлардың қарама-қайшылығы болып табылады. Көтерілісші гладиаторлар патрицийлердің көсемі Крассты тұтқынға алады. Бірақ гладиаторлардың көсемі Спартак жазалауды қаламайды - әділ күресте ол Крассты жеңіп, масқара етіп қуып шығады. Қуанған көтерілісшілер Спартактың жеңісін мадақтайды. Красс легионерлерді жинайды. Ал Эгина бүлікшілер лагеріне алауыздық тудыру үшін арам ойлы жоспар құрады.
Спартак Фригиямен бақытты. Дегенмен, ол бір жамандықты сезеді. Бірақ азаттық үшін жанын беруге дайын. Тең емес шайқаста достары да, өзі де қаза табады. Фригия Спартактың өлі денесін тауып, жоқтайды. Оның ерлігінің мәңгі екеніне сенеді.