АNTICO СТИЛІНДЕГІ СЮИТА

13.11.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - Альфред Шнитке. Либретто - Гүлжан Туткибаева, Уильям Шекспирдің сонеттері желісінің негізінде. Хореография және қойылымы - Гүлжан Туткибаева. Суретші-сценограф - Орынбасар Жаңбыршиев. Костюм бойынша суретші - Толқын Есалиева.

Премьерасы 2005 жылы 2 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Құдай Эрос - Нұрлан Байбусинов; Ғашық жұптар - Әлия Сапугова , Яссауи Мерғалиев, Алексей Сафронов - Құралай Сарқытбаева, Найля Кребаева - Марат Әбдірахманов; Нимфалар - Мукарам Абубахриева, Диана Құлсартова, Екатерина Хомкина, Алина Накипова, Гүлнұр Буриева, Әсел Шайкенова және т.б.

Балет хореографиясы неоклассикалық жанрдағы пастораль. Либретто Шекспирдің үш сонетіне негізделген: № 154, 147 және 148. Сонеттердің лейтмотиві Микеланджелоның: «Біз кез келген азапты, алдауды, шабуылды, ашуды махаббатпен қаруланып қана жеңе аламыз» дегені болды.