ТАТЬЯНА ЛАРИНА

13.11.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - П.Чайковский, өңдеуші М.Плетнев. Либретто - Болат Аюханов, А.Пушкиннің өлең түрінде жазылған «Евгений Онегин» романының желісі бойынша жасалған. Хореография және қойылымы - Болат Аюханов.

Премьерасы 1978 жылы өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы Қазақ КСР МКБА үшін жасалды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Татьяна - Каролина Дукарт; Онегин - Геннадий Ситаков; Ленский - Сергей Тихонов; Ольга - Галина Михалева.

Балет Татьянаның бірнеше негізгі көріністері бар естеліктері ретінде ойластырылған: Татьянаның ғашық жүрегін ауыр жаралаған Онегинмен диалогы; Ленский мен Онегин арасындағы жанжал; Ленскийдің Ольгамен қоштасу адажиосы; Ленский мен Онегин арасындағы дуэль. Балет Онегиннің Татьянамен соңғы кездесуімен аяқталады.

ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ. Премьерасы 2018 жылы 29 наурызда Н.Сац ат. Жастар театрының сахнасында «Евгений Онегин. Соңғы бал» деген жаңа атаумен өтті.

Жаңа нұсқада романның классикалық сюжеті неоклассикамен аяқталғанда, махаббат азабына шыдамаған Татьяна Еуропадан оралған Онегинді қабылдайды. Осылайша Онегин мен Татьяна бірін бірі табады.