ТӘЖИЕВА Ракуль Тәжиқызы
Өмірбаяны
(01. 05. 1926, Алматы қ. - 08. 10. 2000, Алматы қ.) - балет әртісі. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1958), Еңбек Қызыл Ту орденімен (1959) марапатталған.
1944 - қазақ хореографиялық училищесінің түлегі, педагогтары: А. А. Александров, З. К. Плужникова, Т.Н. Фрешкоп, А. В. Селезнев.
Қазақтың алғашқы кәсіби балериналарының бірі. Абай атындағы МАОБТ-да жетекші партияларды орындады: Жизель («Жизель»), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Тао-Хоа («Қызыл гүл», «Красный мак»), Сванильда («Коппелия»), Эсмеральда («Эсмеральда»), Назым («Қамбар және Назым»); Құралай және Алтынай («Жоңғар қақпасы», «Джунгарские ворота»), қазақ операларындағы жеке билер: «Қыз Жібек», «Абай», «Біржан Сара». Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінде (1958)«Достық жолымен» («Дорогой дружбы» немесе «Джунгарские ворота»), және «Бахчисарай бұрқағы» балеттерінде басты партияларды орындады.