ТЕЛЯКОВСКИЙ Всеволод Владимирович
Өмірбаяны
ТЕЛЯКОВСКИЙ Всеволод Владимирович (12[25] ақпан, 1894 ж., Санкт-Петербург - 07.01.1963 Ленинград қ.). Суретші, театр декораторы, театр костюмінің білгірі. ҚазКСР еңбек сіңірген қайраткері (1956). «За трудовое отличие» медалінің иегері (1959). ҚазКСР Суретшілер одағының мүшесі.
Алғашқы ұстаздары А.Головин мен К.Коровин болды. Санкт-Петербург гимназиясында оқыды. Парижде Ронсон академиясында М.Дени және Ф.Валлоттонмен бірге жалғастырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Петербургке оралып, әскерге шақырылады.
1918 ж. - Мариинский театры, А.Головиннің көмекшісі.
1924 - 1927 жылдары - Мемлекеттік Сәулет институтында сәндік кескіндеме пәнінің оқытушысы.
1918 г - Мариинский театры, А. Головиннің көмекшісі.
1935 жылы Атбасар қаласына әйелімен Ленинградтан Қазақстанға жер аударылды.
1935-1936 жж - жаңадан құрылған Атбасар театрында жұмыс істеді.
1936 - 1938 жылдары - Мемлекеттік опера және балет театрында (Абай ат. МАОБТ) қоюшы-суретші. Ол келесі опералар мен балеттерге декорация жасады: «Евгений Онегин» П.И.Чайковский, «Пиковая дама» П.И.Чайковский, Н.А.Римский-Корсаковтың «Ақшақар», Р.Леонкаваллоның «Паяцы», Дж.Бизенің «Кармен», К.Гуноның «Фауст»; балеттер: Л.Делибтің «Коппелия», қоюшы - Ю.Ковалев (1937, 1945); «Аққу көлі» П.И. Чайковский, қоюшы - Л.Жуков (1938).
1938-1941 жылдары - Ақтөбе облыстық драма театрының бас суретшісі. Дайындаған спектакльдері: М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» және «Еңлік-Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қыз-Жібек» және «Жалбыр», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу». Бахрушин ат. театр мұражайында 15 жұмыстың ішінде «Қыз-Жібек» пьесасының эскизі (1938) сақталған.
1941-1946 жылдары - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында суретші болып жұмыс істеді.
1946-1956 жылдары Наталья Сац құрған Алматыдағы Жас көрермендер театрының бас суретшісі болды.
1950-1952 жж. - ХАЖК-нің (ВДНХ) қазақ павильонының жобасын жасауға қатысты.
1961 жылы Ленинградқа оралды. Всеволод Владимирович кетер алдында мұражайға 94 өнер нысанын сыйға тартты. Сонымен Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Теляковская галереяның» бір түрі дамыды. Бұл жеке галереяға театр суретшісінің жеке жұмыстары кіреді: 137 акварель және 5 декорация мен костюмдердің суреттік эскизі; қазақ эпосы негізінде жасалған он көркем панно сериясы; 1959-1960 жылдары зейнеткерлікке шыққанда сала бастаған натюрморт. А.Бахрушин ат. Ресей мемлекеттік орталық театр мұражайында әр түрлі қойылымдарға арналған суретшінің декорациялары мен костюмдерінің 16 эскизі бар.
Библиография
- Сарынова Л.П. – Балетное искусство Казахстана. – Алма-Ата: «Наука» КазССР, 1976. – 176 с.
Сілтемелер
- Брусиловская Е. – Забытое имя, или Возвращение Всеволода Теляковского. - https://kazpravda.kz/n/zabytoe-imya-ili-vozvrashchenie-vsevoloda-telyakovskogo/
- Теляковский Всеволод Владимирович (1894 - 1963) Лот №64. - https://auction-rusenamel.ru/items/1326800
- Теляковский Всеволод Владимирович. - https://ru.wikipedia.org/wiki/
- Мананникова Л. Я родом из ТЮЗа. - http://dramteatr-kz.clan.su/publ/teatr/quot_ja_rodom_iz_tjuza_quot/7-2
- Сырлыбаева Г.Н. «Теляковская» галерея в Алматы. - https://www.tg-m.ru/articles/1-2012-34/telyakovska...