ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

20.10.2023  | Автор: Молдахметова А.Т.

Өмірбаяны

1955 жылы Құрманғазы ат. Өнер институтында (қазіргі консерватория), театр бөлімі ашылды. 1977 жылы оның негізінде Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты (АМТКИ) құрылды. 1989 жылы институтқа Т.Қ.Жүргенов есімі берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы № 236 Қаулысына сәйкес бұрынғы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік өнер академиясының базасында Т.Қ.Жүргенов ат. Қазақ мемлекеттік өнер академиясы құрылып, 2001 жылы академияға «Ұлттық» мәртебесі берілді.

1994 ж. А.В.Селезнев ат. Алматы хореографиялық училищесінің базасында хореографиялық бейіндегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарына оқытушыларды, сондай-ақ кәсіби шығармашылық ұжымдарда жұмыс істеу үшін қоюшы-балетмейстерлер даярлайтын алғашқы оқу орны - Жоғары хореография мектебі ашылды. Жоғары хореография мектебінің бастамашылары мен негізін салушылар Қазақстанның хореографиялық өнерінің көрнекті қайраткерлері: Б.М.Джантаев, Д.Т.Әбіров, Б.Г.Аюханов, С.И.Көшербаева, М.Ж.Тілеубаев, Е.Д.Малбеков, К.Н.Андосов, Л. А. Жуйкова, Л. А.Мәмбетова, Қ.М.Жақыпова, Р.М.Курпешова, С.А.Наурызбаева, Е.А.Усин. 1997 жылы Жоғары хореография мектебі Т.Қ.Жүргенов ат. ҚазМТЖКИ-дің хореография факультеті болып өзгертілді. (қазіргі ҚазҰӨА). Б.М.Джантаев (1994-1997) ЖХМ бірінші директоры болды.

Әр жылдары факультетті белгілі оқытушылар, хореография шеберлері басқарды: К.Н.Андосов (1994-2010), Н.Л.Гончарова (2001-2002), А.Т.Алишева (2011-2012), Д.В.Сушков (2012-2022), Гүлмира Ғаббасова (2022 жылдан).

Хореография факультеті «Хореография педагогикасы» және «Хореография өнері» сияқты екі кафедрадан тұрады. «Хореография педагогикасы» кафедрасы «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша «Хореография мұғалімі», «Спорттық бал биінің оқытушысы», «Қазіргі заманғы хореография мұғалімі» оқу профильдері бойынша мамандарды дайындайды.

Осы жылдар ішінде «Хореография педагогикасы» кафедрасын: Р.Е. Унгарова (1997-2002); О.Б.Шубладзе (2002-2007); А.А. Тати (2007-2009); А.Т. Әлішева (2009-2011); Л.В.Ким (2011-2022); И.Р. Аухадиев (2022-2023) басқарды.

«Хореография режиссурасы» кафедрасы (1994-2020) 2020 жылы «Балетмейстерлік өнер» болып өзгертілді. Әр жылдары «Балетмейстерлік өнер» кафедрасын: Е.А.Усин (1994-2002); Г.У. Туткибаева (2002-2020); А.Т. Молдахметовалар (2020-2023) басқарды.

Қазіргі кезеңде факультет келесі білім деңгейлері бойынша оқытуды жүргізеді: бакалавриат, магистратура, докторантура. Оқу процесімен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары маңызды орын алады. Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады. Осы жылдар ішінде хореография факультетінің Asian students dance би ансамблі беделді конкурстардың лауреаты болды: VKIBC (Valentina Kozlova International Ballet Competition, АҚШ, 2013), TANZOLIMP (Берлин, Германия, 2018, 2020), Бүкілресейлік Р.Захарова атындағы «Мария» хореографтар байқауы (Мәскеу, 2017, 2022), Istanbul Harmanfolk Culture Competition (Түркия), Silkway World dance festival 2023.

Жас хореографтар мен оқытушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, таланттарды анықтау және оларды әлеуетті үміткерлер қатарына қосу мақсатында хореография факультетінде 2018 жылы «Uly Dala Jastary» жас хореографтардың Республикалық байқауы құрылып, 2019, 2021-2023 жж аралығында өткізілді.

Осы жылдар ішінде хореография факультетінде белгілі оқытушылар, хореография шеберлері дәріс берді: Қ.М.Жакипова, С.А.Наурызбаева, О.Б.Шубладзе, А.М.Джалилов, Е.Д.Мальбеков, Р.С.Бапов, А.А.Акбарова, М.Ш.Қадырова, Г.Н.Бейсенова, С.Ж.Қосманов, У.А.Мирсеидов, В.В.Евсеева, Т.В.Терехова, Б.Т.Сүлеева, Э.Г.Есырева, Г.Ю.Саитова, Г.В.Адамова, А.Б.Асқарбекова және т.б. басқалар.

Қазақ хореографиясының қайраткерлері қалдырған дәстүрлерді сақтай отырып, факультет табысты дамып келеді. Бүгінгі таңда факультетте жоғары кәсіби оқытушылар құрамы жұмыс істейді: Р. Х. Байсеитова, Г. У. Туткибаева, Н. Л. Гончарова, В. А. Гончаров, Л. В. Ким, Л. А. Жуйкова, Д. В. Сушков, Гульмира Габбасова, Гульнара Габбасова, Л. А. Николаева, А. М. Жумагалиева, Т. Д. Клышбаев, А. Т. Исалиев, А. Т. Молдахметова, И. Р. Аухадиев, А. Н. Карымбаева, Н. В. Ликучева, С. Маливанова, А. В. Цой. Концертмейстеры: И. Г. Козлова, А. М. Досмухамбетова, Е. А. Шаталова, Н. А. Антонова.

Библиография

  • Танец. Поиск. Достижения: 20 лет факультету «Хореография». Алматы; 2014 г. - 222 с.

Медиа галерея