TEMPS LIE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛЕТ ФЕСТИВАЛІ

20.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

Фестивальді ұйымдастырушы - ҚР Мәдение және спорт министрлігі және «Астана Балет» театрының қолдауымен Қазақ ұлттық хореография академиясы. Фестивальдің мақсаты - хореографиялық өнерді дамыту және танымал ету; хореографиялық білім саласындағы шығармашылық жетістіктермен халықаралық алмасу, фестиваль қатысушыларының орындаушылық шеберлігін арттыру, дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау. Фестиваль кезеңдері: үш жыл сайын. Фестиваль номинациялары: Классикалық би; Халықтық сахналық би (фольклор, стильдік халық биі); Қазіргі заманғы би.

2018 жылғы 3-5 мамыр аралығында Елорданың 20 жылдығын тойлау аясында «Temps lie» кәсіби хореографиялық оқу орындарының I Халықаралық фестивалі өтті. Ашылуы «Астана Балет» театрының сахнасында болды. Оған 11 елден 28 қатысушы келді: Ресей, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Латвия, Азербайджан және т.б. Фестивальдің құрметті қонақтары балет өнерінің жұлдыздары, оның ішінде Мәскеудегі Үлкен театрдың және Лондондағы Корольдік балеттің жетекші бишісі Ирек Мухамедов болды; Ресей халық әртісі Ульяна Лопаткина; Ресей еңбек сіңірген әртісі, педагог, хореограф Елена Кузьмина; Пекин би академиясының профессоры, хореограф Сяо Сухуа; Ташкент мемлекеттік ұлттық би және хореография жоғары мектебінің ректоры Шухрат Тохтасимов; Жапониядағы Sofia Ballet Academyдің директоры Кейсуке Косака.

II фестиваль 2021 жылдың 15-19 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ұйымдастырушылар: ҚР МСМ, «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ, «Астана Балет» театры. Фестиваль алғаш рет онлайн режимде жазылған бейне сабақтар мен бейне дәрістерді көрсету арқылы және әртүрлі елдерден қатысушылардың өнер көрсетулері бар бейнематериалдар алыну арқылы өтті. Олардың ішінде: Баку хореография академиясы; Новосибирск мемлекеттік хореографиялық училищесі, Мәскеу мемлекетік хореография академиясы, Якутск балет мектебі, Башқұрт хореографиялық колледжі, «SOFIA BALLET ACADEMY» (Жапония), Беларусь мемлекеттік хореографиялық гимназия-колледжі, Рим ұлттық би Академиясы (Италия); А.В.Селезнев атындағы АХУ, Қазақ ұлттық хореография академиясы.

Фестиваль аясында Василий Медведев қойлымындағы «Роман Бутона Розы и Мотылька» балетінің әлемдік премьерасы өтті. Балетмейстердің көмекшісі Станислав Фечо, орындаушылар: Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары. Фестиваль аясында Классикалық мұра бойынша шеберлік сабақтар өткізілді (педагогтер А.А. Асылмұратова, Е. Шерстнева). Классикалық биден ашық сабақтар: 5 жылдық оқу (педагог С. Ю. Кокшинова); 8 жылдық оқу (педагог Р. К. Тулегенова); Қазақ биі (оқытушы А. А. Садықова), Актерлік шеберлік (А. М. Луковкин). Белгілі балеттанушылардың дәрістері: Г.Т.Жумасеитов «Ұлттық балет Қазақстанның заманауи хореографтарының шығармашылық ізденістері аясында»; Ф.Б.Мусина «Астана Опера» сахнасындағы Мариус Петипаның балеттері».