ТЕН Татьяна Альбертовна
Өмірбаяны
(03.11.1985, Гулистан қ., Өзбекстан) – балет әртісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2019).
1995-2003 жж. – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін педагогы И.Н.Гуляева сыныбында бітірді.
2018-2021жж. – Қазақ ұлттық хореография академиясында «Балет педагогикасы» мамандығы бойынша бакалавриат, 2023 жылы «Хореография» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2003-2010жж. – К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры труппасының балеринасы (Астана). Балеттерде бірқатар жеке және жетекші партияларды орындады: «Шопениана», «Карнавал», «Баядерка», «Аққу көлі», «Жизель», Лиза партиясын «Бекер сақтық» («Тщетная предосторожность») премьералық спектаклінде (Ю.Григоровичтің хореографиясы) биледі.
2007 ж. – «Ла Скала» театрында тағылымдамадан өтті (Милан, Италия).
2010-2015жж. – «Ballet du Capitole» (Тулуза, Франция) балет труппасының солисі. Классикалық, неоклассикалық және заманауи репертуардың жеке партияларын орындады: Дж.Баланчиннің «Раймонда», «Шотланд симфониясы», «Аллегро Бриллианте»; А.Борнонвиллдің «Неаполь», «Дженцанодағы гүлдер фестивалі» («Фестиваль цветов в Дженцано»); Н.Дуатоның «Сіз үшін өлімді қабылдаймын» («За вас приемлю смерть»); В.Форсаиттің «Головокружительное упоение точностью»; М.Ранн мен Н.Глушактың «Жизель» (Жизель); Д.Доусонның «Миллион поцелуев на моей коже»; Р.Нуриевтің «Аққу көлі» (Одиллия), «Баядерка» (Никия – III акт); И.Килиан «Кіші өлім» («Маленькая смерть»); «Псалмо симфониясы» («Симфония псалмов»,), М.Вайнроттың «Қасиетті көктем» («Весна священная»,), «Дауыл» («Шторм», Ариель).
2016 жылдан – «Астана Балет» театрының жетекші солисі. Премьералық спектакльдердің орындаушысы: Ширин партиясы «Махаббат туралы аңыз» («Легенда о любви», Ю.Григоровичтің хореографиясы); «Серенада», «Барокко концерті», «Оркестрмен фортепианоға арналған Каприччио (Дж.Баланчин хореографиясы); «In the middle, Somewhat Elevated» (У. Форсайттың хореографиясы); «Жолдан тайғандар» («Падшие ангелы» И. Килианның хореографиясы), «Қиялға бойлау» («Прикосновение иллюзии»), «Diversity» (Р.Амаранте хореографиясы), Маша «Щелкунчик» (В.Вайноненнің хореографиясы), Менада «Вальпургия түні» (Г.Ковтунның хореографиясы), Золушка «Золушка» (Н.Калининаның хореографиясы), «Махаббаттың жоғалған табынушылары» («Утраченные кумиры любви» хореография Н.Фонте), Евридика «Орфей және Эфридика» (К.Полин хореографиясы) және т.б. Репертуарындағы Р.Амарантенің бір актілі балеттері: «Love Fear Loss», «A Fuego Lento», бірқатар концерттік нөмірлер мен дивертисменттер.
Марапаттары: «Халық алғысы» медалі (2020), «Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының лауреаты (Астана, 2006), «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығының «Үздік балет әртісі» номинациясының лауреаты (Астана, 2017), ҚР театр сыншыларының «Жыл балеті әртісі» сыйлығының иегері (2022).
Сілтемелер