КЛАССИКАЛЫҚ СИМФОНИЯ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композитор - Сергей Прокофьев, №1 симфония, до-мажор, «Классикалық», шығарма 25. Либретто, хореография және қойылымы - Минтай Тлеубаев. Қоюшы-суретші - Людмила Кужель. Қоюшы-дирижер - Ренат Салаватов.
Премьерасы 1987 жылы 6 қарашада Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Дирижёр - Бақытжан Смағұлов; 1- солист қыз - Гүлжан Туткибаева; 2- солист қыз - Шолпан Мұсаханов, Алма Асқарбекова; 1- солист - Ербол Асылғазинов; 2- солист - Мұрат Адырхаев.
Оркестр - балет солистері Әділ Бестембаев, Ахметдғали Бүркітбаев, Вячеслав Гончаров, Жанат Қартамысов, Раушан Төлегенова, Наталья Ликучёва, Мансия Қарақұлова және т.б.
Үш бөлімнен тұратын балет: біріншісі - дирижер, солистер және оркестрдің қатысуымен жалпы бөлім; екінші бөлімде екі жеке жұп адажио орындайды; үшінші бөлік - соңғы кода.
«Балетмейстер сюжеттік желіні немесе контексті енгізді. Балет әртістері Дирижер мен оркестрдің түрлі аспаптар топтарын сомдады - олар симфонияны орындап, спектакль барысында оркестр өмірін бейнелеп тұрғандай болды. Балет классикалық би мен пантомима қимылдарынан тұрады...»Библиография
- Уразымбетов Д.Д. Балетные спектакли Минтая Тлеубаева в контексте хореографического искусства Казахстана – Диссертация на соискание ученой степени кандидата искусствоведения – Санкт-Петербург – 2018 – 186 с. – с.77-82.