ТҮЙМЕ ҚЫЗ
Өмірбаяны
Балалардың бір актілі балеті.
Композиторлар - Сергей Прокофьев, Валерий Гаврилин. Либретто Ганса-Христиана Андерсеннің аттас ертегісі негізінде дайындаған - Дамир Уразымбетов. Режиссерасы, хореография және қойылымы - Дамир Уразымбетов.
Премьера 2013 жылы 18 мамырда өтті. Балет А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 2-5 сынып оқушыларына арнап «Өрлеу» жас өнерпаздар театрының сахнасында қойылды.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Түйме қыз - Ирина Баденко; Воронок - Бейбарыс Ақарыс; Мышильда - Герта Бихлер; Бай көртышқан - Тимур Кан; бақалар, қоңыздар, көбелектер, шегірткелер, аралар, тышқандар, көртышқандар, қарлығаштар, эльфтер - 2-5 сынып оқушылар.
Балет ертегідегі негізгі сюжеткее, яғни «жануарлар әлемінің кейіпкерлері арқылы адамның адамгершілігі мен мінез-құлқына, олардың жаман және жақсы қасиеттеріне меңзеуге» (Қ. Жұмағалиева) құрылады. Түйме қыз батпақта бақаларды кездестіреді, оны көбелектер құтқарады және ол маңызды жәндіктер - қоңыздар, шегірткелер, аралар тойына түседі. Мышильда оны Бай көртышқанға ұзатпақ болған кезде, Түйме қызды Воронок бастаған қарлығаштар құтқарады.Олар бәрі эльфтердің ертегі әлеміне тап болады.