ЦХАЙ Александра Сергеевна
Өмірбаяны
ЦХАЙ Александра Сергеевна (14.08.1988, Алматы қ.) - балет әртісі, балетмейстер, режиссер-хореограф, педагог, зерттеуші. PhD философия докторы (2016).
2005-2015 - Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бакалавриатын «Педагог-хореограф» (2009); магистратурасын «Хореография» мамандықтары (2011); докторантурасын «Өнертану» мамандығы (2015, ғылыми кеңесші Г.Ю.Саитова) бойынша бітірген.
2010-2012 - Мемлекеттік Республикалық корей музыкалық комедия театрының балет солисі. Концерттік бағдарламалар мен спектакльдерде жеке билер орындады. Мәдени-бұқаралық іс-шаралардың қоюшы-режиссері: VII Қысқы Азия ойындарының ашылуы (Астана, 2010); Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күніне арналған салтанатты іс-шара (Алматы, 2012). Қойылымдар: «Бидульги» корей ансамблі үшін «Қазақ биі» (2010), «Пучхе Чум» корей биі, «Элегия», «Астана Балет» театрының тұсаукесері аясында «Шығыс рапсодиясы» (2013) концерттік бағдарламасын жасады.
2009-2012 - «Хореография педагогикасы» кафедрасының оқытушысы;
2017 - Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография педагогикасы» кафедрасының және «Эстрадалық вокал» кафедрасының хореографиялық пәндерінің оқытушысы.
2012-2013 - «Астана Балет» театры директорының орынбасары.
2014 - «Қазақстан халықтарын рухани дамыту қоры» Акционерлік Қоғамы президентінің кеңесшісі.
Г.Ю.Саитовамен бірлесіп жазған «Қазақстанның хореографиялық өнеріндегі Корей сахналық биі» монографиясының (2019), халықаралық және республикалық ғылыми журналдардағы жарияланымдардың авторы; «Түркі халықтарының би мәдениеті» ұжымдық монографиясының тең авторы (2021).
Библиография
- Саитова Г.Ю., Цхай А.С. Корейский сценический танец в хореографическом искусстве Казахстана. – Алматы: ИД «Мир», 2018. – 264 с.
- Интервью с Цхай А.С. – март 2022