ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

25.12.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

17.08.1961 ж., Үштөбе қ., Қаратал ауданы, Талдықорған облысы.

Балет әртісі, педагог-хореограф.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1993).

1971-1979 – Алматы хореография училищесін бітірген, педагогтары: Р. М.Еркібекова, Қ. Н. Андосов, Д. Т. Накипов, М. Е. Гомза.

1994-1997 – Т. Қ. Жүргенов ат. Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша бітірген.

1979-1984 – «Алматының жас балет» Қазақ КСР-ы Мемлекетік классикалық би ансамблінің солисі.

Репертуары: Қызыл Армия («Есіңізде болсын», О. Соколовтың хореографиясы), Гамлет, Полоний («Гамлет», Б. Аюхановтың хореографиясы), Бұғының ұлы («Қарғаның ұлы және Бүркіттің ұлы» А. Полубенцевтің хореографиясы), Адасқан ұл («Адасқан ұл», Май-Эстер Мурдмаа (Таллин) хореографиясы, Роза («Раушанның көрінісі», К. Серегеев пен Н. Дудинскаяның хореографиясы,). Концерттік нөмірлері: «Дон-Кихот», «Эсмеральда», «Корсар», «Аққу көлі», «Жизель» және т. б. балеттерден pas-de-deux, «Гаяне» балетінен «Қылышпен би».

1983-1984 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солисі. М.Мұхаметқалиевамен дуэтте «Шопениана» балетіндегі (Прелюд және 7-ші Вальс) Бозбала партиясында дебют жасады.

1984-1985 – Қызылтулы Қиыр Шығыс әскери округіндегі Кеңес Армиясында ( Артем қ., РСФСР) аға радиотелеграфист лауазымында қызмет етті.

1985-1986 – округ штабының бұйрығымен балет әртісі қызметіне (Хабаровск, РСФСР) ән-би ансамбліне ауыстырылды, онда соңғы алты айда ансамбльдегі мерзімді қызмет бөлімінің командирі болды.

1986-2001 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солисі, жетекші солисі.

1991 жылдан – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахна шебері.

Репертуарында: Зигфрид Ханзада («Аққу көлі»), Дезире Ханзада («Ұйқыдағы ару»), Ханзада («Щелкунчик»), Базиль («Дон Кихот»), Альберт («Жизель»), Конрад (Абай ат. ҚазМАОБТ сахнасындағы алғашқы қойылым. «Корсар», В. Владимировтың хореографиясы), Вацлав, Нұралы, хан Гирей («Бахчисарай бұрқағы»), Паоло, Джотто («Франческа да Римини»), Бозбала («Пахита»), Бозбала («Шопениана»), Спартак («Спартак»), Джеймс («Сильфида»), Граф Резанов, Диуана («Юнона» және «Авось»), Ишпак («Фрескалар»), Сырым, Нарша («Қарагөз»), Пинкертон («Мадам Батерфляй»), Альфред («Камелиямен ханым»), Отелло («Павана Мавра»), Антоний (бірінші орындау, А. Аренский «Египет түндері», З.Райбаевтың хореографиясы), Солист (бірінші орындауы, Р. Щедрин «Көңілді частушкалар», З. Райбаевтың хореографиясы), 1 және 2 солист (Абай ат. ҚазМАОБТ сахнасында бірінші орындалуы П. Чайковский «Серенада»), Табаки («Бауырым, Маугли»), 20 спектакльде барлығы 30-ға жуық жетекші партия бар. Гастрольдер кезінде ол КСРО МАҮТ және Мариин театрының сахналарында бірнеше рет биледі. 1996 жылы 13 сәуірде КСРО Үлкен театр сахнасында М. Түкеев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қ. Сарқытбаевамен дуэтте театр труппасымен «Жизель» балетінде жетекші партиялар биледі.

М. Түкеевпен жұптаса билеген жетекші балериналардың қатарында: Г. Туткибаева, Л.Әлпиева, Қ. Сарқытбаева бар. Биші КСРО Халық әртісі Надежда Павлова, Маргарита Куликпен бірге «Жизель» спектаклін билеу құрметіне ие болды.

Қоюшы-балетмейстер ретінде П.Чайковскийдің «Қарға мәткесі» («Пиковая дама») операсында «Пастораль», «Шопандар», «Контрданс» би сахналарын қоюды жүзеге асырды; Абай ат. ҚазМАОБТ-ың сахнасына төмендегі балеттерді қойды: бір актілі «Пахита» балеті (М.Петипаның хореографиясы), «Щелкунчик» балетіндегі «Қар ұшқыны» сахнасы (В. Виноненнің хореографиясы); «Үш торай» балетін қалпына келтірді (М. Тілеубаевтың хореографиясы).

1993 жылдан бастап, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет труппасында педагогикалық қызметі басталды.

1996-2002 – балет труппасының меңгерушісі (қосымша) және балет солисі.

2001 жылғы 3 қаңтардан бастап, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балет труппасының директоры.

2002-2016 (16 тамыздан) инспектор-репетитор, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қоюшы-балетмейстер.

2002 – сахналық шығармашылығын аяқтағаннан кейін театрда педагог-репетитер болып жұмыс істеді, сонымен қатар А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде классикалық және дуэтті-классикалық биден сабақ бере бастады.

2010-2011 – балетмейстердің көмекшісі (қосымша) және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының педагог-репетиторы.

2015-2016 – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы арнайы пәндер бойынша кеңесші.

2016-2021 – Қазақ ұлттық хореография академиясының «Хореография» факультетінің «Режиссура» кафедрасының меңгерушісі.

2017-2021 – «Astana Ballet» театрының педагог-репетиторы (қосымша).

2021 жылғы 9 сәуірден бастап, А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі директорының м.а., ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалар мен ғылыми мақалалардың авторы.

Марапаттары: «Алтын күз» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты – (Киев) (1983); оқушыларды халықаралық балет байқауларына дайындағаны үшін дипломдар (2005, 2006, 2007, 2008, 2014).

Библиография

  • Абай атындағы ҚазҰОБT мұрағатындағы Мұрат Орындықбайұлы Төкеевтің жеке ісі.
  • Қазақстан хореографиясының алтын бесігі – Монография – Главный редактор Калиева А.Ж. – Алматы: «Литер» – 2016 – 618 с.
  • Тукеев М.О. Солист балета и педагог Улан Мирсеидов (из цикла «Мужской классический танец») – Сборник Международной научно-практической конференцит «Ұлы Даланың ұлы тұлғалары», приуроченной к 1150-летию аль-Фараби (23 октября 2020 год) – Стр.104-109. – Адрес URL:https://balletacademy.edu.kz/wp-content/uploads/2020/12/zhina-sbornik-mnpk-l-farabi-1150_compressed.pdf (Дата обращения 29.10.2022).
  • Мұрат Түкеевтің жеке мұрағатынан және А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі мұражайының мұрағатынан алынған фотосуреттер.

Медиа галерея

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы

ТУКЕЕВ Мұрат Орындықбайұлы