УСМАНОВ Вакиль Александрович
Өмірбаяны
УСМАНОВ Вакиль Александрович (Алматы қ.) - балет әртісі, балетмейстер, педагог.
1967 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін (АХУ) «Балет әртісі» мамандығы бойынша бітірді.
Мәскеу театр өнері институтын (ГИТИС) Р.Захаровтың шеберханасында «Балет режиссурасы» мамандығы бойынша үздік бітірген.
1967 жылғы шілде-тамыз айларында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртісі.
Қыркүйек 1967 - «Алматының жас балеті» ҚазКСР Мемлекеттік классикалық би ансамблінің балет солисі. Репертуары: «Қыз-Жібек» балеті (муз. Е. Брусиловский, хореограф. Б. Аюханов); «Болеро» жеке би (муз. М. Равель, хореограф. Б. Аюханов); «Домбырашылар биі" (муз. Дәулеткерей, хореограф. Б. Аюханов).
1976 жылдан бастап - Мәскеу хореография училищесінің балетмейстері, кейін бас балетмейстері. КСРО Композиторлар одағы жанындағы балет театрын басқарды.
1988 - Вакиль Усмановтың Мәскеу хореография театрын құрды. Мәскеуде, Таллинде, Бакуде, Алматыда, Астанада, Қазанда, Одессада, Австрияда, Италияда 14-тен астам балет сахналады: А.Шниткенің музыкасына «Сары дыбыс» («Желтый звук»); Ц.Пунидің музыкасына pas-de-quatre дивертисмент; «Махаббат пен өлім» («Любовь и Смерть», муз. П.Буль-Буль-оглы (2005); «Испания бақтарындағы түндер» («Ночи в садах Испании», муз. М. де Фальи); Р. Нуреевтің мерейтойына арналған Қазандағы «Нуреев forever» (2009-2010 театр маусымы) концерттік бағдарламасының қоюшысы. Ренато Зайнулланың «Вояж» балетін жаңа редакцияда қоюды жүзеге асырды (2010).
«Астана Опера» театрында А.Мұхитдиновтың музыкалық редакциясында Ғ. Жұбанованың музыкасына «Қарагөз» балетін (2014) қоюды жүзеге асырды, либреттоның авторы.
Педагогикалық қызметі: А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің көркемдік жетекші және педагогы. (1968); Мәскеу және Пермь хореографиялық училищелерінде сабақ берді. «Санкт-Пельтен» Еуропалық балет академиясының профессоры (Австрия).
Марапаттары: Мәскеудегі Бүкілодақтық балетмейстерлер байқауының лауреаты (I сыйлық және алтын медаль, 1980); Варнадағы Халықаралық балет әртістері байқауының лауреаты (Үздік заманауи хореография сыйлығы, 1988).
Библиография
- Б.Аюханов. Мой балет. – Алма-Ата: Өнер, 1988. – 104 с.
Сілтемелер
- Балет «Қарагөз» вновь на сцене «Астана Опера» - https://t.me/balet24
- Гордеева А. Международный фестиваль «ОРЛЕУ». - http://ptj.spb.ru/archive/60/vstrechi-v-rossii-60/solnce-vrag-cheloveka/ (03 апреля 2017)
- Триумфальный успех казахского балетмейстера - «Казахстанская правда»https://www.kazpravda.kz/articles/view/triumfalnii-uspeh-kazahskogo-baleta1
- Капкаева И. «Па-де-катр» для Малого Нуреевского - http://balet24.ru/?p=33555 (26 октября 2019)
- Кравцов А. 75 –летияПоладаБюльбюльоглу отметят в Баку спектаклем «Любовь и
- Смерть»- КУЛЬТУРА17 января 2020 https://www.trend.az/life/culture/3178729.html
- Программа балета «Каракоз». Театральный сезон 2014/2015. – Астана. - www.astanaopera.kz