ВИКЕНТЬЕВА Наталья Владимировна

30.11.2023  | Автор: Кульбекова А.К

Өмірбаяны

ВИКЕНТЬЕВА Наталья Владимировна (30.03.1918, Чита қ. - 18.01.1993, Алматы қ.) - балет әртісі. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1954).

1938 - Алматыдағы Куйбышев жылжымалы операсының балет студиясын бітірген. Көркемдік қызметін 1935 жылы бастады. Шығармашылық жолы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының кордебалет әртісінен примаға дейін жалғасты.

Қазақ балет театрында классикалық мұра дәстүрін бекіткен бірінші буын бишілерінің бірі. 1958 жылы Мәскеудегі Қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытындысы бойынша «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.

1935-1960 - театрдың балет спектакльдерінде жетекші партияларды орындады: Одетта, Одиллия («Аққу көлі»), Параша («Қола салт атты», «Медный всадник»), Мария («Бақшасарай бұрқағы»), Жизель («Жизель»), Китри («Дон Кихот»), Аврора Ханшайым («Ұйқыдағы ару»), Паскуала («Лауренсия»), Суюнбике («Шурале»), Жәмилә («Достық жолы»), Наташа («Бақыт жағалауы») және т. б.

Н.Викентьеваның шығармашылық даралығы көптеген балет партияларының хореографиялық мәтінін айқындады, ол Ю.П.Ковалевтің хореографиясындағы «Жоңғар қақпасы» («Достық жолымен») ұлттық балетіндегі Жәмилә партиясының алғашқы орындаушысы (1957).

1960-1965 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының педагог-репетиторы. Қазақ балет сахнасында классикалық дәстүрлердің дамуына және қалыптасуына өз шығармашылығымен, сахналық образдарды өзіндік бейнелеуімен, жаңа көркем бояуларымен зор үлесін қосты.

Медиа галерея

ВИКЕНТЬЕВА Наталья Владимировна

ВИКЕНТЬЕВА Наталья Владимировна