ЕСАЛИЕВА Толқын Орынходжаевна
Өмірбаяны
03.08.1967, Шымкент қаласы.
Гример-пастижёр, костюм бойынша суретші.
1975-1984 – Шымкент қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы.
1984-1988 – А. Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесінің, «көркем гримдеу» мамандығы бойынша білім алушы. «суретші-гример» біліктілігі берілді. Үздік Диплом.
1989-1994 – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын (қазіргі – Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА) «костюмді көркемдік жобалау» мамандығы бойынша бітірген. «Костюм дизайнері-суретші» біліктілігі берілді.
2012-2013 – Ankara Mamak (Анкара, Түркия) жалпы білім беру орталығы мен кешкі өнер мектебінде EBRU (эбру) техникасында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру бағдарламасын игерген.
1988-1989 – Шымкент қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебінде сурет мұғалімі.
16.02.1993-07.12.1994 –Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры гример цехының: арнайы шаштар жасау, портреттік және аса күрделі гримдер жасау гримёр-пастижёрі.
08.12.1994 – 27.03.2011 – Абай атындағы МАОБТ тігін-өндірістік цехының костюмдері бойынша қоюшы-суретші.
27.03.2011 – 10.08.2012 – Абай атындағы МАОБТ тігін-өндірістік цехының костюм суретшісі.
Абай атындағы МАОБТ режиссеры Л.Иманғазинаның «Богема», «Тоска», «Ер-Тарғын» операларының костюмдері бойынша қоюшы-суретшісі. «Абай», «Қыз Жібек», «Кармен» және т. б. опералық спектакльдердің костюмдерін жаңартуға қатысты.
Абай атындағы МАОБТ балеттерінің: «Дракон и Ласточка» (хореограф. З. Райбаев, 1996); «Космос души» (хореогр. Г. Туткибаева, 2001); «Чудесный мандарин» (хореограф. В.Гончаров, 2001); «Триумф Афины» (хореогр. Д. Фадеева, 2004); «Сюита в стиле antico» (хореогр. Г.Туткибаева, 2005); «Адам» (хореогр. В. Гончаров, 2007) костюмдері бойынша қоюшы-суретші. ТСТ «Самұрық» «Жезтырнақ» балет костюмдері бойынша қоюшы-суретші (хореограф. Г. Адамова, 2004).
Симон Вирсаладзенің эскиздері бойынша «Махаббат туралы аңыз» (хореограф Ю. Григорович, 2007) балетіне арналған костюмдер жасауға; «Лебединое озеро», «Жизель» спектакльдерінің костюмдерін жаңартуға қатысты. Абай атындағы МАОБТ опера солистерінің концерттік көйлектерінің дизайнері.
2008 – Алматы қаласында костюмдерді тігу және жалға беру бойынша «Томирис» жеке кәсіпорнын ашты.
Режиссер Елена Бреустің музыкалық жобалары – Алматы қаласы әкімдігінің жобалары (2008-2011) бойынша; режиссер Арман Қарабаевтың тележобалары – «Алма-Ата – моя первая любовь» (2007-2011) атты ретро фестивалінде, «Битва титанов» (2009-2011), «Давай поженимся» (2011); режиссер Нұржан Тұтовтың «Тамаша City» тележобасында (2017-2020) костюм суретшісі.
2011 жылдан бастап Анкара қаласында (Түркия) тұрады. Ол батик (матаға сурет салу), эбру (суға сурет салудың ежелгі шығыс әдісі) техникасында көркем шығармалар жасайды, керамикалық бұйымдарды бояумен айналысады.
Марапаттары: Даулбаева Айгүлмен бірге жасалған киім топтамасы үшін - «Шығыс маусымы» Халықаралық сән фестивалінің лауреаты, «Кескіндеме және сән өнерінің ерекше синтезін жасағаны үшін» дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды (Алматы, Қазақстан, 1995); Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Республиканың мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» құрмет грамотасы (Астана, Қазақстан, наурыз, 2004 ж.), II Халықаралық сахналық костюмдер фестивалінің «Театр және кинодағы сахналық костюмнің үздік суретшісі» номинациясының лауреаты (1 орын, Астана, Қазақстан, 2008 ж.); «Алма-Ата – моя первая любовь» ретро фестиваліне костюмдер бойынша суретші ретінде қатысқаны үшін алғыс дипломымен марапатталды (Алматы, Қазақстан, 2008).
Библиография
- Ә.А. Мусинованың Толқын Есалиевамен жеке хат-хабарлары.
- Фотосуреттер Толқын Есалиеваның жеке мұрағатынан.