ЮНОНА мен АВОСЬ

23.11.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

2 актілі ритм-рок-балет.

Композитор - Алексей Рыбников. Либретто, хореография және қойылымы - Анатолий Дементьев (Саратов, Ресей). Суретші-сценограф - Алексей Крюков. Костюм бойынша суретші - Эра Покровская.

Премьерасы 1987 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: граф Резанов - Дмитрий Тубольцев; Кончита, Сан-Франциско губернаторының қызы, ол тағы Богородица - Шолпан Мұсаханов; Диуана - Бақытжан Смағұлов; Сан-Франциско губернаторы - Игорь Данилин; қыздар, олар балдағы богородицалар; монахтар, олар тағы матростар; монахинялар - балет әртістері.

1806 жылы 23 шілдеде императордың бұйрығымен камергер граф Резанов «Юнона» және «Авось» атты екі шхунада матростар командасымен сауда байланысын орнату үшін Америкаға аттанады. Онымен бірге Диуана да бар. Ол қауіпті және қиын сапарда графты желеп-жебеп жүреді.

Қиындықтарды жеңіп, ең алғашқылардың бірі болып Калифорния жағалауына жетеді. Алыс Ресейден келген қонақтардың құрметіне арналған балда граф Сан-Франциско губернаторының қызы жас Кончитамен кездеседі. Ол иконадағы Құдай Анасының бейнесін еске түсіретін қыздың сұлулығына таң қалады. Кончита да өзін биге шақырған ресейлік теңізшіге ғашық болды. Ғашықтар бір-біріне мәңгілік сүйіп өтуге ант береді. Бірақ діни көзқарастарының айырмашылығы олардың жолындағы қиын кедергіге айналады.

Резанов Ресейге қарай католик қызға үйленуге рұқсат алу үшін кері жүзеді. Бірақ жолда қайтыс болады. Өмірдің соңғы минуттарында сүйіктісін есіне алады. Теңізшілер капитанның өліміне қатты қайғырады.

Кончита сүйіктісінің қайтып келуін күтуде. Күтумен және үміттенумен жылдар, ондаған жылдар өтеді... Резановтың өлімі туралы білмей, ол да қайтыс болады.

Ғашықтар өлді, бірақ олардың бір-біріне деген махаббаты мен адалдығы ешқашан өлмейді. Аллилуйя махаббат, аллилуйя!