ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

28.10.2023  | Автор: Ізім Т.О

Өмірбаяны

(05.09.1951 ж., Мамыт ауылы, Новороссий ауданы (Хромтау), Ақтөбе облысы) - биші, педагог, зерттеуші. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1987 ж.), өнертану кандидаты (2006 ж.), профессор (2018 ж.).

1971ж. - Республикалық эстрада цирк өнері студиясын бітірген, педагогтары: М.Н.Шатловский, М.П.Габель, Г.Б.Киякова;

1999 ж. - Т.Жүргенов атындағы Мемлекеттік театр және кино институтын Б.Г.Аюхановтың шеберханасында «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша тамамдаған (үздік диплом ).

1968-1969 - шығармашылық жолы Ақтөбе облыстық филармониясында басталды

1971-1976жж - Торғай облыстық филармониясының «Шертер» фольклорлық ансамблінде,

1976-1982жж - Целиноград облыстық филармониясының «Армандастар» эстрадалық-жастар ансамблінде,

1982-1985жж - «Сазген» фольклорлық ансамблінде солист.

1985-1995жж - «Алтынай» Мемлекеттік халық би ансамблінің негізін қалаушы және солисі;

1986-1988жж - ансамбль жетекшісі.

Жеке композициялардан басқа Үсен Мақанмен жұптаса биледі. 1984 жылы «Сазген» фольклорлық ансамблімен «Қазақ фольклорлық-этнографиялық билері» атты бағдарлама шығарды.

1985 ж. - ХІІ Дүниежүзілік жастар және студенттер фестивалінің дипломанты (Мәскеу қ.);

1989 ж. - Бельгиядағы халықаралық фестивальдің жүлдегері (Турне қ.)

«Жезтырнақ», «Қылышпан би», «Келіншек», «Құсбегі-дәулпаз», «Шалқыма», «Айда, былпым» және т.б. фольклорлық қазақ билерінің жандануына зор үлес қосты. О.В.Всеволодская-Голушкевичпен шығармашылық бірлестігінде қазақ биінің ұмытылған қимылдары зерттеліп, жиналды, олардың негізінде халық аңыз-жырлары бойынша көптеген сахналық бейнелері жасалды. Оның орындауында халық композиторларының күйлеріндегі фольклорлық билер орындаушылық мәнерімен, және айрықша қол пластикасымен есте қалды. Мәдениет Онкүндіктеріне, Қазақстанның Үкіметтік концерттеріне, одақтас республикалардағы (Ресей, Өзбекстан, Украина) концерттерге қатысып, жақын және алыс шетелдердің бірқатар елдерінде гастрольдік сапарлармен өнер көрсетті.

1998 жылдан бастап Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде оқытушы;

2000-2011 жж - Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқытушы, 2006-2011 жылдары хореография кафедрасының меңгеруші.

2011-2016-Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, 2013-2016 - хореография кафедрасының меңгерушісі;

2016 жылдан - Қазақ ұлттық хореография академиясының режиссура кафедрасының профессоры, 2018 жылдан - Академия жанындағы қазақ биінің ғылыми-әдістемелік зертханасын меңгереді.

«Алтынай» Мемлекеттік би ансамблі (Алматы), «Шалқыма» (Астана), «16 қыз», «Көкшетау» (Көкшетау), «Жорға» (Ақтау), «Аққу» (Қарағанды) сияқты өңірлік ансамбльдер үшін бірқатар нөмірлер қойды.

Педагогикалық қызмет барысында 200-ден астам хореограф-мамандар шығарды. Алғаш Ұлттық хореография өнері тарихынан оқу бағдарламасын дайындап енгізген.

2014 жылдан бастап «Мәдениет: қазақ және венгр мәдениетіндегі Қоғам, Басшылық және Субьект» халықаралық ғылыми жобасы аясындағы славян мәдениетаралық зерттеу тобының мүшесі.

«Уақыт және би өнері» (2006 ж.), «Алтынай» мемлекеттік би ансамблі» (2010 ж.), «Өркені өскен би өнері» (2009 ж.) атты кітаптар мен ғылыми еңбектердің авторы. «Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі» атты қазақ биі бойынша кітаптың авторы (2012 ж. А.К.Құлбековамен бірге), «Қазақ және шетел хореография өнерінің тарихи даму кезеңдері» (2016 ж.), 80-нен астам ғылыми жарияланымдары бар.

Марапаттары: КСРО Мәдениет министрлігінің құрмет грамотасы( 1974 ж.); Еңбек ардагері медалі (1990 ж.); «Ы.Алтынсарин» (2014 ж.); «Халық алғысы» төсбелгісі (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының президентінің «Алғыс хаты» (2021ж.)», «Ерен еңбегі үшін» медалі (2021 ж.), «Қазақстан Республикасының президентінің «Құттықтау хаты» (2022ж.).

Медиа галерея

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы

ИЗИМОВА (ІЗІМ) Тойған Оспанқызы