ЗАКЛИНСКИЙ Константин Евгеньевич
Өмірбаяны
(08.05.1955, Ленинград қ.) - балет премьері, педагог. РСФСР еңбек сіңірген әртісі (1983); Мәскеу және Токиодағы Халықаралық балет байқауларының лауреаты (1981, 1984); Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1983); II дәрежелі «Достық» орденінің иегері (2018).
1974 - А. Я. Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесін, А. Кумысников сыныбын бойынша бітірген, бірден С. М. Киров (Мариин), атындағы академиялық опера және балет театрының труппасына қабылданды. Жетекші партияларды орындады: Зигфрид («Аққу көлі»), Князь Дезире, Көгілдір құс («Ұйқыдағы ару»), Альберт («Жизель»), Солор («Баядерка»), Спартак («Спартак»), Феб («Париж Құдай Анасының соборы») және т. б. К. Сергеев, Р. Джейкобсон, Р.Пети, Дж. Робинсон, М. Бежар сынды әлемдік балеттің көрнекті хореографтарының қойылымдарында жұмыс істеді және биледі. Шетелде көп гастрольдік сапармен болды. Алғаш рет АҚШ-да Дж. Баланчин балеттерін орыс балет мектебінің әртістері орындады.
Ол бірқатар балет фильмдерінде ойнады: «Тристан және Изольда» (1976), «Галатея» (1977), «Жизель» (1983), «Аққу көлі» (1986), «Фуэте» (1986), «Корсар» (1987), «Чаплиниана» (1987).
Орындаушылық шығармашылығын аяқтағаннан кейін оқытушылық жұмысқа көшті. А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясында (АРБ) дуэтті-классикалық биден сабақ берді. Мариин театрының балетмейстер-педагогы.
2015 жылдан - МОБТ «Астана Опера» театрында педагог-репетитор. Л. Минкустың «Баядерка», «Дон Кихот», А. Аданның «Корсар» және «Жизель», П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеттерінің жаңа редакцияларындағы қойылымдарға қоюшы-балетмейстердің көмекшісі ретінде қатысты.