ЖАҢБЫРШИЕВ Орынбасар Жексенұлы

17.11.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

04.04.1954, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Талдыөзек ауылы.

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі (1988), Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі (1989). Доцент (2003). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007).

1960-1970 – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылындағы Жамбыл атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы.

1970-1971 – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмановка ауылындағы жылжымалы механикаландырылған 2006-колоннаның жұмысшы-құрылысшысы.

1971-1972, 1974-1975 – Фурмановка ауылындағы Мойынқұм аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының суретшісі.

1972-1974 – Кеңес Армиясы қатарында (Германия Демократиялық Республикасы) борышын өтеді.

1975-1979 – Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің оқушысы.

1979-1984 –Алма-Ата мемлекеттік театр-көркемсурет институтының (қазіргі Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) көркемсурет факультетінің, «театр техникасы және спектакльді безендіру» мамандығы бойынша студенті. «Сахна суретші-технологы» біліктілігі берілді.

05.10.1983- 07.02.1985 –студент кезінде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Қыз Жібек» операсын қою кезеңіне арналған декорация цехының, бутафор-декораторы қызметіне қабылданды.

08.02.1985-16.01.1986 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры декорация цехының аға инженер-технологы.

17.01.1986 – 05.02.1989 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры қоюшы-суретшісі.

06.02.1989-19.11.1990 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры бас суретшінің міндетін атқарушы.

20.11.1990 – 04.04.2017 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры бас суретшісі.

45 драмалық, опералық және балеттік қойылымдардың қоюшы-суретшісі. Олардың ішінде: Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрында Қ.Мырзалиевтің «Жаралы жолбарыс» (режиссёр Ш. Карибаев, 1993); О.Сулейменов пен Баққожа Мұқайдың «Заманақыр» (режиссёр Р.Сейтметов, 1995), М. Әуэзов пен Р.Муканованың «Қаралы сұлу» (режиссёр Б.Атабаев, 1996), Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қазақ мемлекеттік академиялық театрында С.Жүнісовтың «Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары» (режиссёр Н.Жакыпбай, 1996).

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры «Қамар сұлу», «Риголетто», «Құрманғазы», «Махамбет», «Ромео и Джульетта», «Волшебная музыка», «Белоснежка», «Ер-Тарғын», «Қыз-Жібек» операларының сценография авторы.

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры: хореограф З.Райбаевтың «Болеро» (1994), «Египетские ночи» (1994), «Дракон и Ласточка» (1996); хореограф Г.Туткибаеваның «Космос души» (2001), «Театр масок» (2001), «Сюита в стиле antico» (2005); хореограф В. Гончарованың «Чудесный мандарин» (2001); хореогр. Д. Фадееваның «Триумф Афины» (2004) балеттерінің сценография авторы.

Қ.Құжамьяров атындағы Мемлекеттік Республикалық Ұйғыр музыкалық комедия театрында А.Искендиров қойған спектакльдердің қоюшы-суретшісі: А.Самсақовтың «Баяншур», (2013), Д.Исабековтың «Мұрагер» (2017) .

50-ден астам театрландырылған концерттік қойылымдар мен бағдарламалардың қоюшы-суретшісі, олардың ішінде: Абай Құнанбаевтың 150 жылдығын тойлау (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, 1995); Қазақстан Тәуелсіздігі Монументінің ашылуы (Алматы, 1996); Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлау (Туркістан, 2000, режиссёр М. Тлеубаев) және басқалар.

1986 жылдан оқытушы, 2001 жылдан меңгеруші, 2003 жылдан доцент, 2020 жылдан ҚМТИ «Сценография» кафедрасының профессоры (қазіргі Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы).

Ғылыми еңбектері, басылымдары: С.К.Каржаубаевамен бірлесіп жазған «Сахнаға арналған маталарды өңдеу технологиясы» (2002), авторлар ұжымымен бірлесіп жазған «Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры» фотоальбомы (2002), «Кескіндеменің техникасы мен технологиясы» (2005) және басқалар.

1985 жылдан бастап республикалық халықаралық, бүкілодақтық көрмелердің қатысушысы.

Марапаттар: М.О.Әуэзовтың 100-жылдығына арналған Халықаралық театр фестивалі лауреаты (1997); «Мәдениет қайраткері» – «Почётный работник культуры» төсбелгісі (2003); Театр және бейнелеу өнеріне қосқан зор үлесі үшін Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасының Diploma de Merito (18.03.2013).

Библиография

А.Ә. Мусинованың Орынбасар Жаңбыршиевпен сұхбаты және жеке хат алмасуы.