ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

14.11.2023  | Автор: Мусинова ​Ә.А.

Өмірбаяны

18.08.1912 ж., Верный қ. (Алма-Ата) - 1991 ж. 21 мамыр, Алматы қ.

Ұлттық кәсіби би өнерінің көшбасшысы, педагог, хореографиялық ұжымдардың жетекшісі. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1936 ж.), «Құрмет Белгісі» орденінің кавалері (1936 ж.), ҚазКСР Халық әртісі (1938 ж.), Ленин орденінің кавалері (1959 ж.), Еңбек Қызыл Ту Орденінің Кавалері (1962 ж.), ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968 ж.).

Халық арасынан шыққан талантты биші, көркемөнерпездар үйірмесінде билеген. Шараның кәсіби сахнада бас тәлімгері педагог және балетмейстері А.А.Александров болды.

1929-1930 - Абай ат. Қазақ мемлекеттік педагогикалық институттың тарих факультетінде оқыған.

1929-1933 - қазақ драма театрының драмалық актрисасы.

1933-1940 - музыкалық-драмалық театр балетінің 1-бишісі 1934 жылдан жетекші солисі. Театр сахнасында алғаш қойылған ұлттық билердің орындаушысы және тең авторы. Театрдың ашылуына қойылған «Айман-Шолпан» музыкалық драмасының жарқын эпизодтарының бірі оның хореографиясы мен орындауындағы алғашқы Қазақстандық «Келіншек» биі болды. Репертуары «Қыз-Жібек», «Жалбыр», «Ер-Тарғын» операларындағы жеке билермен байытылған. В.Великановтың музыкасына қойылған алғашқы «Қалқаман және Мамыр» балетінде басты Мамырдың партиясын орындады.

1940-1962 - Жамбыл ат. Қазақстан мемлекеттік филармониясының солисі. Қазақ би өнеріндегі жаңа эстрадалық-би миниатюра жанрындағы репертуары, Шара өз билерін ән айта жүріп орындау арқылы көркемдеді. Қазақ билері мен әндері қатарында әлем халықтарының билері де болды: үнді биі «Канатари», араб билері «Мустафа» және «Зульфия», жапон биі «Торикото» (әнменен), қытай, монғол, мысыр, испан, корей, куба және басқалары.

1941-1945 - концерттік бригадалар құрамында Калуга, Смоленск, Волоколамск майдандарында өнер көрсетті.

Соғыстан кейін, Шара филармонияда тек Қазақстанда ғана емес, жер-жерде танымал болған қыздар хореографиялық ансамблін құрды. Ұжым Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде «Қыздар биі» (1958 ж.) нөмірімен қатысты.

1962-1965 - ҚазКСР мемлекеттік ән және би ансамблінің көркемдік жетекшісі. Әр жылдары «Ахау, нәзік», «Айгөлек», «Ағажан Лейтипа», «Ауылың сенің белде еді», «Айжан қыз», «Әпиток», «Ән салсам», «Бипыл», «Балқурай», «Быкылдақ» «Дудар-ай», «Жас Келин», «Бесік жыры», «Қараторғай», «Қыздар-ай», «Молдабай», «Нақ-Нақ», «Он алты қыз», «Сәулем-ай», «Топ шеңгел», «Маусымжан», «Үкілім-ай», «Шилі өзен», «Қосалқа» халық әуендеріне қазақ билерін қойды.

Бірқатар би замандас композиторлардың музыкасына қойылды: Н.Тілендиевтің «Алатау», «Шабандоз» және «Саржайлау», М.Сағатовтың «Алматым менің», Е.Хасанғалиевтің «Әдемі-ау» және «Елігім-еркем», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі», Б.Ерзаковичтің өңдеуінде «Камажай» - халық әні, С.Кәрімбаевтың «Оңтүстікте ақ мақта», Е.Брусиловскийдің «Доярка жеңгей» және «Сайра бұл-бұл бақшада», Б.Байқадамовтың «Водовоз қыз», М.Төлебаевтың «Шахтер биі», Д.Сүлеевтің «Той жыры» шығармалары бар.

Ол «Амангелді» (1938), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1957) фильмдерінде ойнау арқылы ұлттық кинода тамаша бейнелерді қалдырды.

1965-1975 - Халық биі бөлімінің ұйымдастырушысы, қазақ биінің педагогы. 1966 жылдан Қазақ мемлекеттік хореография училищесінің директоры,

Оқушыларының арасында: ҚазКСР Халық әртісі Г.Талпакова; ҚазКСР еңбек сіңірген Қ.Қарабалинова, Б.Байжуманова, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Г.Орумбаева; А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі қазақ биінің жетекші педагогы Г.Бейсенова және қазақ биін дамыту мен насихаттауда үлкен рөл атқарған басқа да көрнекті тұлғалар бар.

1975 - 1987 - Казахконцерт балетмейстері.

Ш.Жиенқұлова өзінің бай тәжірибесін «Қазақ биі» (1955 ж.), «Би құпиясы» (1980 ж.), «Өмірім менің - өнерім» (1983 ж.), «Сымбат» (1987 ж.), «Достар биі» (1989 ж.) кітаптарында баяндады.

1992 - жылдан Қазақстанда Шара Жиенкулова атындағы Республикалық қазақ би байқауы өтіп келеді.

Марапаттары: «Құрмет белгісі» (1936), Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері (1962, 1972 ), «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін» және т. б. медальдармен марапатталған.

Библиография

  • Г.Тәшімбаев. Жиенқұлова Шара. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том. – Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы – 1989. С. 257.
  • Сарынова Л.П. Жиенкулова Гульшара. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976–176 стр. – С.164.
  • Жиенқұлова Ш. Сымбат: қазақ биінің туу тарихынан – Алматы: «Өнер», 1987 – 248 с.
  • Горский В., Ровенский Н. Десять незабываемых дней. Декада казахского искусства и литературы в Москве. Декабрь 1958. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1961 – 320 с.
  • Қазақстан хореографиясының алтын бесігі – Монография – Бас редактор Калиева А.Ж. – Алматы: «Литер» – 2016 – 618 с.
  • Оразбекова Ф. Первая танцовщица. – Вечерний Алматы – №103 – 8 сентября – 2022.

Медиа галерея

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы

ЖИЕНҚҰЛОВА Гүлшара (Шара) Баймолдақызы