Өмірбаяны
02.12.1927 ж., Жаңатұрмыс совхозы, Жұрын ауданы, Ақтөбе облысы-13.12.1993 ж., Алматы қ.
Композитор, педагог, публицист, қоғам қайраткері. ҚазКСР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1964 ж.), ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965 ж.), Құрманғазы ат. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970), Қазақ КСР Халық әртісі (1973 ж.), КСРО Халық әртісі (1981 ж.), профессор (1978 ж.).
1949 - Гнесиндер ат. Мемлекеттік музыкалық училищені бітірген (Мәскеу).
1954 - П.Чайковский ат. Мәскеу консерваториясын композиция сыныбы бойынша және 1957 ж. профессор Ю.Шапориннің сыныбы бойынша аспирантураны бітірген.
1962-1968 - ҚазКСР Композиторлар одағы басқармасының төрағасы.
1962-1991 - КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі.
1975-1987 - Құрманғазы ат. Қазақ мемлекеттік консерваториясының ректоры.
5 операның, 3 ораторияның, 5 кантатаның, 6 симфониялық шығарманың авторы. 1 концерт, 12 камералық шығарма және фильмдер мен драмалық шығармаларға арналған музыка жазды. Шығармашылығының әр кезеңдерінде балет театры үшін «Аққанат», «Хиросима», «Қаракөз», «Мадам Баттерфляй» балеттеріне музыка жазды. Ең үздік шығармаларының бірі - Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Ақ құс туралы аңыз» (1966 ж.) балеті болды. Бастапқыда жоспарланған балет триптихін шығармашылық топ екі бір актілі новеллалардан тұратын балетке айналдырды.
1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында Г.Алексидзе (А. Мамбетов пен Г.Алексидзенің либреттосы, М. Әуезовтің трагедиясы бойынша) қойылымында «Қаракөз» балетінің тұсаукесері өтті.
«Мадам Баттерфляй» балеті «Чио-Чио-сан» операсының транскрипциясы (1992 ж.), қоюшы-балетмейстерлер Асами Маки және Киозо Метани (Жапония). 2014 жылы «Астана Опера» театрының сахнасында балетмейстер Вакиль Усманов либретто авторы бола отырып, музыкалық редакцияның авторы және дирижер А.Мұхитдиновпен бірге музыкалық материалды айтарлықтай қайта өңдеп, «Каракөз» балетінің қойылымын жүзеге асырды.
1958-1975 - Құрманғазы ат. Қазақ мемлекеттік консерваториясындағы педагогикалық қызмет. Ол Қазақстанның әйгілі композиторларының тұтас бір тобын тәрбиеледі, олардың ішінде: А.Серкебаев, Т.Мұхамеджанов, Қ.Шильдебаев, А.Бестыбаев, А.Райымқұлова, Б.Далденбаев, А.Мамбетов, А.Жақсылықов және басқалар.
Марапаттары: «Ерен еңбегі үшін» медалі (1959); Мәскеудегі Бүкілодақтық театр байқауында «Ақ құс туралы аңыз» балеті үшін I сыйлықтың лауреаты (1966); «В.И. Лениннің 100 жылдығына арналған Ерен еңбегі үшін» медалі (1970), «Батырлық поэма» және «Мерекелік увертюра» үшін А.В.Александров атындағы күміс медаль (1973). Халықтар Достығы орденінің иегері (1977), Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері (1988).
Библиография
- Кузембаева С.Ә. Жүбанова Ғазиза Ахметқызы. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том.– Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы – 1989. С. 261.
- Сарынова Л.П. Жубанова Газиза Ахметовна. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976–176 стр. – С. 119, 124, 129.
- Жубанова Г. Мой мир – музыка. Статьи. Очерки. Воспоминания/К 80-летию композитора – Составление и редакция Д.А.Мамбетовой – Алматы: «Білім» – 336 с. – С. 139, 173-174. https://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1172688
- Жуйкова, Людмила. «Любовь есть познание…» Премьера балета Газизы Жубановой «Карагоз» на сцене ГАТОБ им. Абая». Qazaq Ballet – интернет-журнал о хореографическом искусстве Казахстана, дата публикации 3 октября 2021, qazaqballet.kz/main_articles/ljubov-est-pozna…e-gatob-im-abaja/. Дата доступа (формат: 14 декабря 2021 года).
- Жумасеитова Г.Т. К вопросу о проблемах развития национального балетмейстерского искусства. – Известия Национальной академии Республики Казахстан. – №5 – 2017 – стр. – Адрес URL: http://nblib.library.kz/elib/library.kz/jurnal/Obs... (Дата обращения 14 декабря 2021 года)
Сілтемелер
- Газиза Жубанова. – Сайт – https://sites.google.com/site/gazizazhubanova/
- Демченко М. Святая к музыке любовь. https://kazpravda.kz/n/svyataya-k-muzyke-lyubov/