ЖОЛЫМБЕТОВА (Ұлтанбаева) Фируза Рафильбекқызы
Өмірбаяны
01.06.1943, Ташкент қ.
Балет әртісі, педагог. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1978).
1950-1960 жылдары - Алматы қаласындағы № 39 орта мектептің оқушысы.
1957-1964 жж. - Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы. Ұстазы С.А.Наурызбаева.
1967 жылдың қыркүйегі - 1969 жылдың шілдесі - Мәскеу академиялық хореографиялық училищесінде біліктілікті арттыру курстарында тағылымдамадан өтті.
1970-1972 жж. - «Классикалық және халықтық сахналық бидің әдістемесі» мамандығы бойынша Мәскеу академиялық хореографиялық училищесі (МАХУ) жанындағы тағылымдамадан өтуші- педагогтер курсында оқыды. Мемлекеттік емтихандарды «үздік» деген бағаға тапсырды.
1980-1985 жылдары - Әл-Фараби ат. Шымкент мәдениет институтының студенті, «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша оқыған.
1964-1987 - балет солисі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балеттің жетекші солисі. Репертуар: Одетта-Одиллия (Аққу көлі), Аққанат (алғашқы орындау, «Аққанат»), Китри (Дон Кихот), Зарема («Бақшасарай бұрқағы»), Сүйімбике (Шурале), Чолпон (Чолпон), Фея Сирени (Ұйқыдағы ару), Жизель («Жизель»), Эгина («Спартак»), «Щелкунчик», «Аққу көлі» балеттеріндегі характерлі билер және т.б.
Ф.Жулимбетова қазақ хореографиясының тарихына Лора Мажикеевамен бір жұпта әлем халықтарының фольклорлық би орындаушыларының мүшесі ретінде енді. Шығармашылық тандем Қазақстанның 1960-1980 жылдардағы мәдени өмірінің жарқын құбылысына айналды.
Дәурен Әбіровтің қойылымында бұл жұп қазақтың «Былқылдақ» («Тәттімбет»), Болат Аюхановтың хореографиясында - «Аққу», «Балбырауын», «Қосалқа» билерін орындады. Қазақтың сахналық биінің інжу-маржанына айналған хореографиялық миниатюра «Қазақ кәдесыйлары» («Сувениры») мен қазақ биі «Қуаныш» қойылымын Диляфруз Қияқова жүзеге асырды.
Сондай-ақ Д.Б.Қияқова «Памир биі», «Тәжік биі», «Өзбек биі», «Жапон биі», «Орыс биі» және т.б билерді осы жұпқа арнап қойды.
Қазақстанда бұл жұп үнемі жеке концерттер беріп, үкіметтік концерттер мен республиканың шетелдегі мәдениет күндерінің тұрақты қатысушысы болды, онда би дуэтінің қойылымдары әрқашан үлкен табысқа ие еді.
Гастрольдер: Польша (1966), Канада (1967), Алжир (1969), Швеция, Финляндия (1970), Сирия, Ливан (1973), Дания (1974), Ангола (1976), Мали, Жоғарғы Вольта (1978), Венгрия (1980), ГДР (1981), Португалия (1982), Куба (1983), Филиппин (1984), Швеция (1985), Марокко (1986).
Марапаттары: «Тың жерлерді игергені үшін» медалі (1969), «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты ерен еңбегі үшін» медалі (1970).
Библиография
- Абай атындағы ҚазҰТОБ мұрағатынан Фируза Рафилбекқызы Жұлымбетованың жеке ісі.
- Сарынова Л. П. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976–176 стр. – С.152-155.
- Хореографы Казахстана. Иллюстрированный информационный справочник (1934 – 2012 гг.) под общей редакцией Накипова Д.Т.– Алматы, 2012. – 204 с. – С. 61.