ЖҰМАСЕЙІТОВА Гүлнара Тазабекқызы

10.01.2024  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

(17.05.1968, Алматы қ.) - хореография саласындағы театртанушы, балет сыншысы, педагог. Өнертану кандидаты (1999), профессор (2019), «Ғылым мен техниканың дамуына қосқан зор ғылыми үлесі үшін» жас талантты ғалымдарға арналған ҚР БҒМ Мемлекеттік ғылыми стипендиясының стипендиаты.

1978-1986 - «Ансамбль әртісі» мамандығы бойынша АХУ-сін педагог О.Б. Шубладзе сыныбы бойынша бітірді.

1988-1993 - М. Ұйғыр атындағы Ташкент мемлекеттік өнер институтының «Театртанушы» мамандығы бойынша бітірді.

1994-1996 - ҚР ҰҒА-сының М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында «Театр өнері» мамандығы бойынша аспирантурада оқып, диссертация қорғады.

1986-1988 - Абай атындағы МАОБТ-ның балет әртісі.

1993-1994 - «Түркістан-пресс» ақпараттық агенттігінің редакторы.

2000-2017 - ҚР БҒМ М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ғылыми хатшы (2000-2005), директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (2005-2010), ғылым мен білім беруді интеграциялау жөніндегі білім беру бағдарламаларының жетекшісі (2014-2017). Ғылыми жобалардың жетекшісі.

Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы бойынша сарапшы Өзбекстанда, Жапонияда және Кореяда өткен тренингтерге қатысты.

2011-2015 - ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеттің мүшесі. 2018 жылдан бастап Халықаралық театр сыншылары қауымдастығының мүшесі.

2017-2023 - Қазақ ұлттық хореография академиясының Өнертану және Арт-менеджмент кафедрасының профессоры және меңгерушісі, онда Қазақстанда алғаш рет балеттанушыларды қабылдау және шығару жүзеге асырылды. «ONERLab» ғылыми-шығармашылық зертханасын басқарады.

3 ғылыми монографияның авторы, орыс және қазақ тілдеріндегі хореография оқулығының авторларының бірі, 20-дан астам ұжымдық монографияның, сондай-ақ Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ғылыми басылымдарындағы 300-ден астам мақалалардың авторы.

2004-2010 - «Әдебиеттану және өнертану» секциясының жауапты хатшысы және Төрағасының орынбасары, жобаларды әзірлеумен, әдебиет және өнер институты шығарған кітаптарды дайындаумен және басып шығарумен айналысты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты басып шығарған (100 томдық «Бабалар сөзі» сериясы, 7 томдық «Қазақ музыкасының антологиясы», 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» және т. б.). Бағдарлама аясында іске асырылған «Қазақ өнерінің тарихы» сериясының 3 томдық басылымның бөлімдерінің авторы және жауапты редакторы.

Ғылыми жетекші ретінде 2 ғылым кандидаты, 6 магистрант және 1 докторант дайындады. Бірнеше рет қазылар алқасының мүшесі және Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузиядағы Халықаралық театр фестивальдерінің арнайы қонағы болды.

Медиа галерея

ЖҰМАСЕЙІТОВА Гүлнара Тазабекқызы

ЖҰМАСЕЙІТОВА Гүлнара Тазабекқызы