ЗЛОБИН Андрей Викторович

31.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

ЗЛОБИН Андрей Викторович (14.7.1963ж., Керчь қ. КСРО) - сценограф, суретші, монументалист, театр және кино суретшісі. Украинаның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998).

1982 - Қырым көркемсурет училищесін аяқтаған.

1993 - Львов сәндік-қолданбалы өнер академиясын Е.Н.Лысик шеберханасында бітірген.

1993-2005 - жылдан Парижде Киевте (2000 ж., 2003 ж., 2005 ж.) жеке көрмелерде жұмыстары ұсынылды.

1994 жылдан театр суретшісі, сценограф және көптеген спектакльдерде кескіндеме декорациясының авторы; 1997 жылдан бастап, кино өндірісінде жұмыс істейді, музыкалық бейнелер (клип) мен жарнамаларға арналған декорациялар жасайды.

Театр суретшісі ретінде танылды. Үлкен театрда, Михайловский театрында, Украина, Македония, Латвия, опера және балет театрларында Ұлттық опералардың театрдағы қойылым қоюшы-суретшісі, М. Мусоргский ат. кіші академиялық опера және балет театры, Пермь академиялық опера және балет театры, М.Джалил ат. Татар опера және балет театрында, «Императорлық Орыс балеті» ұжымдарында режиссер-суретші болып жұмыс істеді.

Балет қойылымдарының суретшісі: «Жазалауға шақыру» («Приглашение на казнь» (1995 г.), «Қасиетті көктем» («Весна священная» (1997), «Щелкунчик» (2000), «Раймонда» (2003, 2007), «Спартак» (2008), «Фауст» (2005), П. И. Чайковскийдің музыкасына «Шекспирименттер» (2007) және т. б.

«Киев модерн балеті» театрында «Аққу көлі» («Лебединое озеро», қазіргі нұсқасы, 2013ж.), «Рұқсат етілмеген» («Андеграунд») және «№ 6 Палата» балеттерін (2008 ж.) безендірген.

«Астана Балет» театрында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» («Махаббат туралы Поэма») А.Райымқұлова, Г. Ковтунның хореографиясы, 2021 ж.,) балет-эпосын қоюға қатысты.

Сілтемелер

Медиа галерея

ЗЛОБИН Андрей Викторович

ЗЛОБИН Андрей Викторович