КОРОГОДИН Игорь Николаевич
Өмірбаяны
31.08.1938, Челябинск қ. – жаз айы 1986, Паланга қ.
Театр суретші-сценографы, ҚазКСР Суретшілер Одағының мүшесі (1966), КСРО Суретшілер Одағының мүшесі (1970).
1956 жылы Тың жерлерді игеруге байланысты отбасы Қазақстанға қоныс аударды.
1956-1960 – Алматы көркемсурет училищесінің оқушысы.
1960-1966 – И. Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының «Кескіндеме» мамандығы бойынша оқып бітірді, педагогтары: М.П.Бобышев, А.И.Сегалда. Дипломдық жұмысын В. Маяковскийдің «Мистерия Буфф» пьесасына арналған декорациялар мен костюмдердің эскиздерін іске асыру арқылы өте жақсы қорғады, «Театр және декоративті кескіндеме суретшісі» біліктілігі берілді.
1966- 1971 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қоюшы-суретшісі, содан кейін бас суретші.
Ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының көркемдік дизайн классикасына айналған спектакльдер жасады. «Ақ құс туралы аңыз» (жаңа редакция, 1967), «Чин-Томур» (1968), «Дон Кихот» (1969), «Баядерка» (1971).
Кейін М.О. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының, М. Ю. Лермонтов атындағы Орыс академиялық драма театрының, Ғ. Мүсірепов атындағы жастар театры қойылымдарымен жұмыс істеген. И. Корогодин Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрымен ынтымақтастықты жалғастырды. М. Мусоргскийдің «Борис Годунов» (1972) операсына, М. Чулакидің «Орыс ертегісі» (1975) балалар балетіне, М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» (1975), Е.Рахмадиевтің «Тың туралы ән» (1980), Т. Хренниковтың «Дауылға» («В бурю», 1982) операларына сценография жасады, Б. Бриттеннің «Питер Гримес» және В. Шекспирдің орындалмай қалған қойылымы «Ричард III немесе қарапайым фашизм» («Ричард III, или Обыкновенный фашизм», 1982) трагедиясы бойынша опералық қойылымның сценограф-суретшісі.
1977-1986 – шығармашылық жұмысымен қатар Алматы театр-көркемсурет институтының көркемсурет факультетінде (Қазіргі Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазаз ұлттық өнер академиясы) сабақ берді.
Библиография
- Игорь Николаевич Корогодиннің Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан жеке ісі .
- Сарынова Л.П. Балетное искусство Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1976. – 176 с. – С.106, 129–131, 139, 171.
- Беккулова С. Рыцарь сцены и судьбы. Очерк. Журнал «Простор».655e3b2e5b93b.pdf
- Игорь Корогодин. Сайт картинной галереи Жауһар. – Адрес URL:https://zhaukhar.kz/hudojnik/24/%D0%9A%D0%BE%D1%80... (дата обращения 18.03.2023).